Weekend

Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Қуат Хамитов мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов дезинфекция жасайтындарды ұрып, тікұшақтарға оқ ату керек деген видеосына түсініктеме берді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Ассалаумағалейкүм, қазақстандықтар! Дезинфекция туралы тарап кеткен видеоға қатысты айтарым, ол - қалжың ретінде түсірілген видео. Мен ешкімді жаппай көтеріліске шақырмаймын. Ондай әрекет істеуге ешкімді шақырған емеспін және ондай әрекет істемеңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деді Хамит.

Айта кетейік, спортшыға қатысты Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды.

Биліктің заңды талаптарына белсенді бағынбауға, жаппай тәртіпсіздікке және азаматтарға қатысты күш қолдануға шақыру, арандату үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе осы мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61