Экономика

Қазақстанның сыртқы қарызы қаншаға төмендеді?

Мемлекеттің сыртқы қарызы 164,4 млрд долларды құрайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан республикасының сыртқы қарызы 2,2 млрд долларға азайды,- деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметіне Bugin.kz сілтеме жасап.

 

Баспасөздің берген мәліметіне үңілсек, еліміздің сыртқы қарызы 2018 жылдың 1 шілдесінде 164,4 млрд долларға жеткен. Қазақстанның сыртқы қарызы жыл сайын өсіп отырмаса төмендеген емес. Әрине пайыздық көрсеткішпен қарайтын болсақ, сәл төмендеу көрсеткіші байқалғанымен алып бара жатқан үлкен өзгеріс жоқ. Сіздерге соңғы 5 жыл ішіндегі сыртқы қарыз көрсеткішін ұсынып отырмыз:

2014 жыл – 157,423 млрд АҚШ доллары;

2015 жыл – 153,5 млрд АҚШ доллары;

2016 жыл – 154 млрд АҚШ доллары;

2017 жыл – 168 млрд АҚШ доллары;

2018 жыл – 164,4 млрд АҚШ доллары;

 

Сыртқы борыш құрылымында 63,0 пайызын бұрынғысынша фирмааралық берешек, 26,1 пайызға байланысты емес кредиторлар алдындағы "Басқа секторлардың" сыртқы борышы, 7,2 пайыз мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк), 3,7 пайызы - "Банктер" секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ) алып отыр. 

"2018 жылдың 2-тоқсанында елдің сыртқы қарызы 2,2 миллиард АҚШ долларына қысқарды. Азаю төлем балансының операциялары есебінен (Қытайдың үлестес ұйымдарынан және қаржылық ұйымдар синдикаттарынан тартылған сыртқы қарыздарды өтеу, шетел инвесторларының Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарына сұранысының азаюы), сонымен қатар операциялық емес өзгерістер (қазақстандық эмитенттердің борыштық бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі, теріс бағам айырмасы) есебінен болды", - деп хабарлады банк өкілдері. 

Талдамалық мақсатта сыртқы борыш құрылымында 2018 жылғы 1 шілдеде 26,5 миллиард АҚШ долларды құрған мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы қарызы (мемлекеттік сектор капиталына 50 пайыздан аса тікелей немесе жанама қатысатын банктер мен ұйымдар) жеке көрінеді. 2018 жылғы 2-тоқсанда 0,6 миллиард АҚШ долларына азаю "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-тың "КМГ Кашаган Б.В." қомпаниясында 50 пайыз қатысу үлесін сатып алу үшін 2015 жылы тартылған қарызын мерзімінен бұрын өтеуі, сондай-ақ, квазимемлекеттік эмитенттердің еурооблигацияларының нарықтық құнының төмендеуі есебінен болды. 

Банктегілердің мәліметінше, Қазақстанның таза сыртқы қарызы 2018 жылғы 2-тоқсанында 0,5 миллиард АҚШ долларына ұлғайып, 46,6 миллиард долларға жеткен.