Алматы
Мемлекеттік органдарының шетелдік өкілдерімен ашық диалогы
16 қыркүйекте Алматы қаласындағы Достық Үйінде «Protecting Business and Investments» жобасы шеңберінде салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша форум өтті.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігі басшылығы
және Алматы қаласында дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың, экономикалық бірлестіктердің және шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаттары – бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін салық және кеден заңнамасын жетілдірудегі ағымдағы мәселелерді талқылау, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл форматын құру және т.б.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Н.Сапаров соңғы уақытта шағын және орта бизнесті қорғау мәселесінде болған жағымды өзгерістерді белгілеп, ведомствоның инвестициялық алаңның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі қадамдарын атап өтті.
Өз сөзінде, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Бекбердиев салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге, сондай-ақ преференциялық мағынаның жаңа құралдарын жасауға назар аудара отырып, фискалдық саясатта болып жатқан оң үрдістерді атап өтті.
ҚР СІМ Алматыдағы Өкілдігінің Басшысы Е.Ысқақов өз сөзінде Қазақстанда бизнес жүргізудің артықшылықтарын атап өтті, оның ішінде: қолайлы инвестициялық ахуал, жеңілдетілген визалық және құқықтық режим, мемлекеттің географиялық жағдайының артықшылықтары.
«Қазақ Инвест» ҰК» АҚ аймақтық директоры Д.Балиев қатысушыларды инвестициялық жобаларды тарту мен бақылау жаңа алгоритмдерімен, республикаға инвестиция тарту қолданыстағы әлеуетімен және инвесторларға барынша көмек көрсету мүмкіншіліктерімен таныстырды.
Форум шеңберінде қатысушылар салықтық және кедендік әкімшілендіру саласындағы сұрақтар бойынша бетпе-бет пікір алмасу мүмкіншілігін пайдалана отырып, инвестициялық көпжақты өзара іс-қимылды дамытуға үлкен әлеуеттің бар екенін көрсетті.
Форумның нәтижесі қатысушылар қатарынан Жұмыс тобын құру бастамасы болды. Оның мүшелеріне жобаларды басқаруды жедел қарқынмен жүзеге асыруға, пандемия мен карантиннен кейінгі кезеңнен туындаған жағдайларды ескере отырып, жедел сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Іс-шара Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қаулыстарына сәйкес әлеуметтік қашықтықты сақтау және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану есебімен өтті.