Bugin

Үш керекке бірлік керек...

С2Р – Қоғаммен серіктес бол!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Қазақ керегінің көбі әркімге-ақ мағлұм ғой: біз кейін қалған халық, алға барып, жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек».

Ахмет Байтұрсынұлы

Тұрсұн Әкім Хазретәліұлы 1984 жылы 3 сәуір айында Қызылорда облысында дүниеге келген.

Дәрігер мамандығына С. Ж. Асфендияроватындағы ҚазҰМУ оқып, Қоғамдық денсаулық магистрі атанды.

Алатау ауданында:

2004 жылдан мейірбек ОҚКА,

2010-2015 жж №21 ҚЕ бас дәрігерінің орынбасары

2015-2016 жж сайлауда №34 сайлау участкесінің төрағасы.

2019 ж. президент сайлауында Аманат платформасының республикалық Штабының 5 блок жетекшісі.

2020 ж. Алматы қаласы тоғызқұмалақ федерациясының президенті.

• «Serpin» білім және инновация ұлттық палатасының директоры,

• «Qmed» ұлттық инновациялық медицина палатасының президенті,

•  ЖШС «АМС+» бас директор және бас дәрігер қызметтерін атқаруда.

***

Қызметінен бөлек әлеуметтік бағытта Bilge Халықаралық ақыл-ойды дамыту орталығының, Bilgen Academy мектеп балаларына арналған платформасының негізін қалап, Bilgen Халықаралық пәндік олимпиадалар мен қосымша курс жүйелерінің, Bilgen OySana, Bilgen Alippe кітаптарының авторы болып қосымша ұлттық мәдениетімізді, ауылдық жерлердегі оқушылардың білім деңгейін көтеруге үлес қосудамын.


***


Құрметті Алатау ауданының тұрғындары, жерлестер!

Өлкеміздің қай жерінде де тұрғындар өздерін толғандырып жүрген ірілі-ұсақты барлық мәселелерін алдымен өздері сайлаған депутаттарға айтып жатады.  Өйткені, депутат – халық сенімін иемденген тұлға, аманат жүгін арқалаған азамат.

Бүгінгідей күрделі  кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы сеземін.

Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, депутат деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, еліміздегі білім, медицина, ІТ саласындағы өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға жұмыстанатын боламын.

Сол үшін:

* Денсаулық керек!

* Білім керек!

* Әділдік керек!

Үш керекке БІРЛІК керек, С2Р – Қоғаммен серіктес бол!

Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерік — жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл», — деп атап өтті Елбасы.

Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе «өмір бойы білім алу» қағидасы негізінде ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.

Бүгінде Қазақстан медициналық қызмет көрсетудің жаңа деңгейіне шығу қажеттігін көруде. Аурулардың алдын-алу, диагностикалау мен емдеуден бастап жалпы ұлттық сауықтыру шараларына дейін.

Практикалық денсаулық сақтауға оңтайлы ұйымдық-әдістемелік формалар мен жаңа технологияларды енгізу, медицина мекемелері қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру, науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған емдеу және реабилитациялау кеңістігін ұйымдастыру және ең бастысы барлығын онлайн режимде оңтайлы әдістер арқылы пайдалану.

Ең бастысы осы процесстерді автоматтандыру жолын, ІТ саласын жетілдіру және оның қолданыстағы үздік техникаларын толық пайдалану ұлттың дамуына жол бастамақ.

Үздіктер қатарынан көрініп жүрген мемлекеттер инновация мен жаңа технологияны жолға қойған. Бүгінде цифрландыру әлемдік ауқымдағы трендке айналды. Дамыған елдің барлығы цифрлық саясатты қолға алып, даму қарқынын арттыруға күш салып жатыр. Десе де, инновация мен технология тілін түсінетін, оны жүргізетін мамандар тапшы. Сол тапшылық IT-саласының дамуына кері әсерін тигізіп, цифрлық экономиканы жүргізуге, озық технологияның игілігін көруге кедергі келтіріп келеді. Қазақстан ішкі қажеттілік пен жаһан талабына байланысты ақпараттық технология мамандарын даярлауды мықтап қолға алды. 2017 жылы қабылданған “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты бойынша IT-мамандарды даярлау міндеті жүктелді. Осыған орай соңғы жылдарда кадр мәселесін шешу жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр.

Аталмыш салаларда жұмысты автоматтандыру үшін, халық-бизнес-билік ортасында арнайы жүйе құру.

С2Р (CITIZEN TO PARTNER) – жүйесі ұсынатын механизмдер: іс-қимыл-әсер-жариялылық қамтамасыз етеді.

Ол келесі алгоритм бойынша іске асырылады:

С2Р эффектісін құру – жүйені түбегейлі өзгерту – тұрғындарды серіктеске айналдыру.

Сұраныс С2Р-ға келген сәттен келесі іс-қимылдар жүргізіледі:

Тұрғын өтініш қалдырады – С2Р жауапты органды анықтайды – Жауапты орган орындаушыны тағайындайды – Орындаушы өтінішті қарастырып – Тұрғын жұмысын бағалайды.

Қазіргі уақытта қоғам әлеуметтік мәселелерді анықтайды, ал билік басындағылар оларды жеке шешеді. Алайда бизнес иелерінің мәселелерге қатысуы сирек кездеседі. Осыған байланысты, бұл жүйенің мақсаты - қоғамның барлық мүшелерінің қарым-қатынасы үшін алаң құру, сонымен бірге оларды серіктестерге айналдыру. Серіктестік келесіде көрініс табады. Қоғам бизнес иелерімен бірге әлеуметтік мәселелерді анықтайды, ал билік басындағылар қоғам және бизнес иелерімен бірге мәселелерді шешеді.

С2Р жұмысының нәтижесі:

Қоғамның қазіргі жағдайын бейнелеу;

Ұйым рейтингтерін шығару;

Тұрғындар мен бизнес өкілдерінің белсенділігін арттыру.

Білім саласын жетілдіру:

-  Еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – 3 аусымды мектептер, оны, шешімі ретінде мемлекеттік білім ошақтарымен қатаржекебалабақша, мектептер, колледждер мен университеттер санын көбейту;

-  Білім саласындағы жаңа бағдарламаларды ІТ шешімдерін пайдалана отырып, жаңа деңгейге шығару;

Медицина саласы:

- ауыл аудандардың тіркелген халқына тәжірбиелі, көп салалы клиникаларға басқаруды ұсыну. Әрине айтуға оңай көрінгенімен жасауға болатын дүние. АМӘК (пмсп) жан басына қаржыландыруға өткелі біраз, осының аясында болады. ал тұрғыны аз ауылдарды бір нешеуін біріктіріп әкімшілік басқаруындағыларды беру керек.

- телемедицинаны қолға алса көп сұраққа жауа табылады, шешіледі.

- БІР СӨЗБЕН МЕДИЦИНАНЫ КОНКУРЕНТТІ ОРТАҒА БЕРУ КЕРЕК.

ІТ саласы заман талабы:

- Қазіргі заман талабына сай адамда, кәсіп иелері де онлайн бағытты меңгерулері және пайдаланулары тиіс. Бұл бағытта елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы орайда, бағдарламаны одан әрі дамытуда салалық білім және медицина жүйесіндегі мәселелерді үш жақты қатысу арқылы (адам-бизнес-мемлекет) онлайн шешу;

- «Бір тетік» жүйесін дамыту. Яғни адамдардың аталмыш екі салада барлық мәселелерін орталықтандырып шешу.

Сыбайлас жемқорлықпен күресуде:

- Қай салада да жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру.

«Нұротандық» депутаттар алдағы бес жыл ішінде  осы бес бағыт аясында облысымыздың өркендеуіне өздерінің  бұған дейін жинақтаған білім-тәжірибелерін, іскерлік қарым-қабілеттерін аянбай жұмсайды деп сенемін.

Қымбатты жерлестер!

Өз таңдауыңа дауыс бер!