Шымкент: Мемлекеттік қызметтің 86 проценті электронды түрде көрсетіледі - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Шымкент - адалдық алаңы

Шымкент қаласында салаларды цифрландыру мен мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар жасалынуда.

Атап айтқанда, биыл сегіз ай ішінде Шымкент қаласы әкімдігі 2,5  миллион қызметтің 2 миллион 200 мыңы немесе 86,1 процентін электронды түрде көрсеткен. Яғни былтырғы жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметті электронды түрде алған азаматтардың саны 700 мыңға өскен.

Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов "Шымкент - адалдық алаңы" жобасы ANTIKOR LIVE тікелей эфирінде айтты.

- Қала әкімдігі былтыр 181 қызмет түрін көрсетсе,  биыл тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін кейбір қызмет түрлері оңтайландырылып, олардың саны 160 болып бекітілді.  2019 жылы 181 қызметтің 91-і, яғни  50 проценті электронды форматта көрсетілсе, осы жылы 160 қызметтің 132-сі (83%) электронды түрде көрсетіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда қызметтерді электронды түрде көрсету 33 пайызға өскенін білдіреді, - деді шаһар басшысы.

Сондай-ақ, әкім жылдың соңына дейін қалған 28 мемлекеттік қызмет түрін электронды форматқа ауыстыруды жоспарлап отырғанын айтты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

0 Пікір Кіру