Әлем жаңалықтары

"Ақ үйде қалмаса, түрмеге түседі". Трамптың биліктен айырылғысы жоқ

АҚШ президенті Дональд Трамп елді әлі ұзақ басқарғысы келетін секілді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Себебі үшінші рет сайлауға түсуге құқылы екенін мәлімдепті. Ақ үй басшысы конституция заңдарына қарсы шығып, билікте қалуды жоспарлап отырған көрінеді.

Өзінің екінші емес, тіпті үшінші мәрте президенттік сайлауға қатыса алатынын Трамп Невада штатында жақтаушыларымен өткен митинг барысында мәлімдепті.

«Небәрі 52 күннен соң біз жеңіске жетеміз. Ақ үйдегі төртінші жылым орнамақ. Содан соң келіссөздер жүргіземіз, солай емес пе? Бізге деген қарым-қатынастары біздің төртінші жылға лайық екеніміздің дәлелі”, - деді Трамп.

Вашингтон Трамптың сөзіне сенгісі келмесе де, әзілдеп тұрмағанын түсінді.

“Трамп президенттік сайлауға үшінші мәрте түсетінін айтқан сайын, әзіл екенін ескертіп отыратын. Бірақ сол сөздері арқылы ол жақтаушылардың реакциясын бақылағысы келетін секілді. Оларды сондай сценарийге дайындап жүрген болуы мүмкін”, - деді вашингтондық Брукингс Институтының бас сарапшысы Марвин Калб Би-би-си-ге берген сұхбатында айтты.

Президенттік “өтемақы”

Трамп өтемақы талап етуі мүмкін. Себебі 2016 жылы өткен сайлау нәтижесіне Ресей араласқан соң президент басшылық кезеңінің жартысын жоғалтқанын айтып жүреді. Түрлі заңдық шаралар мен сот тыңдаулары Трамптың мемлекет істеріне белсене араласуына мүмкіндік бермепті.

“Президент ретінде жеткен жетістіктеріме қарамастан, олар менің, президенттің бақандай екі жылын ұрлады. Әрине, қайтарылмайтын жылдар”, - деп жазған деді Трамп 2019 жылы “Твиттердегі” арнасына.

Сонымен Трамптың билігін өзгеге табыстауға құлқы жоқ секілді. Тіпті билігі XXI ғасырдың соңына дейін жалғасатынын мәлімдейтін түрлі видеолар да шыққан еді.

Заңгерлер не дейді?

Трамп үшінші рет президент сайлауына түсе ала ма? АҚШ заңгерлері журналистердің бұл сұрағына қысқа ғана қайырды.

“Жоқ. Конституцияға сәйкес оның алғашқы президенттік мерзімі 2021 жылдың 20 қаңтарында аяқталады. Ал қайта сайланған уақытта 2024 жылдың 20 қаңтарында аяқталады. Басқа мерзімнің болуы мүмкін емес”, - деді Колумбия университетіндегі заң факультетінің мұғалімі Ричард Фролик.

Кей заңгерлер оның тіпті 2020 жылы өтетін президенттік сайлауда жеңіске жететініне күмәнмен қарайды.

Ал Трамптың жеке экс-адвокаты, алаяқтық әрекеті үшін түрмеге түскен Майкл Коэн Трамптың билікті қолдан жібергісі келмеуінің себебін былай деп түсіндірді.

“Трамп Ақ үйден кетсе, оны түрме күтетінін жақсы біліп отыр”,  - деген Коэн президентті қаржылық алаяқтыққа барғанын, қылмыстары мен құқық бұзушылық әрекеттері бар екенін айтады.