Шымкент

Шымкент: "Миндаль қосымша білім беру" платформасы арқылы 700-ге жуық өтінім берілді

Электронды жүйе

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында ерекше маңызды деп танылатын білім саласы толығымен автоматтандырылған. Балабақшаға кезекке қоюдан бастап техникалық және кәсіптік білім беру саласына дейінгі қызмет көрсету түрлері электронды жүйеге көшкен.

Солардың бірі - қосымша білім беру ұйымдарында енгізілген «МИНДАЛЬ қосымша білім беру» платформасы өз тиімділігін көрсетіп отыр.

Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов "Шымкент - адалдық алаңы" жобасы ANTIKOR LIVE тікелей эфирінде айтты.

«МИНДАЛЬ қосымша білім беру» платформасы арқылы ата-аналар балаларын ән-би, көркем-сурет секілді түрлі қосымша үйірмелерге жазу үшін өтінім бере алады. Осыған дейін бұл қызмет 5 жұмыс күнінің ішінде қаралып келген. Ал қазір 30 минуттың көлемінде үйірмеге қабылдануға мүмкіндігі бар», - деді Мұрат Әйтенов.

Айта кетейік, аталған платформа арқылы былтыр 142 өтінім берілген, биыл 633 өтініш келіп түскен.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі