Алматы

Алматыда екі жылда 4 судья істі болды

Мемлекеттік маман мен азамат құқығы теңдей

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласында қызмет барысын асыра пайдаланған төрт судья сотталды. Мұны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нығметжан Сапаров Antikor Live тікелей эфирінде мәлім етті.   

– 2019-2020 жылдары біздің департамент Алматы судьяларына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған 4 деректі анықтады. Өздеріңіз білетіндей, судьялардың ерекше иммунитеті бар. Соған қарамастан Наурызбай, Бостандық, Медеу аудандарының судьялары мен Бостандық ауданындағы азаматтық істер жөніндегі сот төрағасы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл істер бойынша айыптау үкімі шығарылды, кінәлі тарап нақты мерзімге жазаланды, – деген спикер сыбайлас жемқорлық туралы заңға өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді. 

Мекеме басшысы атап өткендей, заңдағы жаңа өзгерістер сот иммунитетін шектеуге емес, олардың құқығын барша халықтікімен теңестіруге бағытталады. 


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61