Алматы
Заңнамаға ұсынылған толықтырулар
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті "Metal Prom Group" компаниясының өндірістік базасында есептік кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесі басшысының орынбасары Данияр Таумұрат тұрғындарға мемлекеттің жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан стратегиясы мен жемқорлықтың алдын алу бойынша қолға алынып отырған жаңа бағыттар жайында сөз қозғады. «Акселератор добра: Ізгілік елшісі», «Адал көмек», «Алматы – адалдық алаңы», «Кәсіпкерлер мен инвесторларды қорғау», «Саналы ұрпақ» жобалары жайлы айтылды.
Жемқорлықты анықтау мен табудың, себебі мен шарттарын алдын алудың ең тиімді жолы – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен жемқорлық тәуекелдері жайында талдама жасау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қоғам қайраткерлері де тартылған, қазіргі уақытта департаменттің арнайы мониторингтік тобы жұмыс істейді. Бұл топ міндеті – қоғамның түрлі салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау мен мониторинг жүргізеді, сол арқылы жемқорлықтың "жанды нүктесін" анықтау.
Сонымен қатар, қоғам белсенділерімен, ел азаматтарымен тығыс жұмыс жасау үшін ахуалдық орталық құрылған. Бұл орталық қазірдің өзінде нәтиже беріп жатыр. Соның арқасында қаланың ірі дәріханаларында және "СК-Фармация" дәріхана қоймаларында медициналық препараттардың болуы және бағасының көтерілуі жөнінде мониторинг жүзеге асырылды.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға ұсынылып отырған жаңа түзетулер талқыланды.
Ұсынылған түзетулерді үш блокқа жіктеуге болады. Біріншісі – сыбайлас жемқорлық жасағандарға жауапкершілікті күшейту. Судьялар, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін неғұрлым қатаң жауапкершілік пен санкциялар енгізу ұсынылады. Екінші блок – ұлттық заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттармен үйлестіру. Ал бастамалардың үшінші блогы қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған.
Сондай-ақ, ұсынылған тұжырымның ішінде қоғамдық бақылаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің саяси жүйесін демократиялық дамытуға және жаңғыртуға елеулі үлес қосатын институтты құқықтық регламенттеу жағы да көзделген.
Жоспарланған жаңалықтар елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендетуді қамтамасыз етуі тиіс.