Алматы

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы 550 мыңнан астам флаер таратылды

Алматы - адалдық алаңы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласының тұрғындарын құлақтандыру мақсатында алғаш рет "Есіктен-есікке" атты жемқорлыққа қарсы акция өткізілді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясаттың маңызды элементтерінің бірі – бұл кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.

"Алматы – адалдық алаңы" жобасын іске асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және адалдық пен парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстарды жүзеге асыруда.

Қаланың әр түкпірінде, мемлекеттік мекемелер мен органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпараттық стендтер орналастырылған, радиода және теледидарда ақпарат көрсетілуде. Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы ақпарат айтылады, ақпараттық буклеттер, жадынамалар мен парақшалар белсенді таратылуда.

"Адалдық алаңы" жобасы аясында Алматы қаласының тұрғындарының барлығын ақпаратпен қамту мақсатында алғаш рет "Есіктен есікке" акциясы өткізілді, соның арқасында коммуналдық қызмет түбіртектерінің алды-артына жазылған 550 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қарсы флаер таратылды. 

– Әрбір азамат өзін адалдық, парасаттылық пен патриотизм сынды қасиеттерін тәрбиелемейінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалған әрекеттердің бірде-бірі нәтижелі болмайды, – дейді "Алматы – адалдық алаңы" кеңсесінің өкілдері.