Hi-Tech

Ең алғашқы GPS навигаторлары қашан пайда болды?

Күнделікті өмірде пайдаланып жүрген навигаторлар осыдан 99 жыл бұрын ойлап табылған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Темірқазық? 

 - А , демек солтүстік бағытқа жүруіміз керек. Иә, бұрындары адамзат баласы жұлдыздарға қарап бағыт бағдарын анықтап жол жүрген. Ал қазір, екінің бірі қолына ұялы телефонын алып, карта жүйесінен іздеген жерін тез тауып, қалаған жерлеріне бара алады. Немесе автокөліктеріне навигатор орнатады. Бұл арнайы GPS навигаторлары арқылы жүзеге асады.  Ал сіз алғашқы навигаторлардың қандай болғанын білесіз бе? 

Ең бірінші навигатор 1920 жылы пайда болды. Олар Plus Fours Routefinder құрылғысында сағатқа ұқсас карталармен бірге қолданылды. Құрылғыны адамдар қолдың көмегімен пайдаланған. Қазіргі кезде осы сағаттарға ұқсас арнайы навигатормен жұмыс жасайтын Pebble сағаттары қолданылады. Мұны білгенде ең алғашқы навигатор сағатты «ақылды сағаттар тарихына » қосуға болатын еді.

Келесі навигатордың түрі Iter–Auto 1930 жылы пайда болды. Оның Plus Fours Routefinder-ден басты ерекшелігі- онда карталар автоматты түрде өздері айналды. Кейбір автокөліктердегі навигаторлар көлік жылдамдығына қатысты жұмыс жасады. Көлік жылдамдығы артқан сайын, навигатор өз қарқынын арттыра түсті.  Бірақ көлік жүргізушілері мекен-жайына байланысты карталарды ауыстырып отырды.

 

Кейінгі GPS навигаторлар - жаһандық позициялау жүйесі. Жердің кез келген жерінде, кез келген ауа-райында,  нысанның орны мен жүру жылдамдығын анықтап бере алады. 

Бүгінде телефонымызда, қол сағаттарында арнайы GPS навигаторлары қолданылады. Ол арқылы адамдар өздерінің тұрған жерлерін, екінші жерге бару картасын көре алады. Мәселен, Tom Tom – нидерландық компаниясының көліктерге арнап шығарған GPS навигаторлары .  Оның арнайы жұмыс жасау бағдарламасы бар. Бұл бағдарламаны Apple  компаниясы өздерінің жұмыстарында тұрақты түрде пайдаланады.

Навигатор арнайы гаджеттерде ғана емес, смартфондарда әртүрлі құрылғыларда (сағаттар, көзілдірік) пайдаланылады.

Ал Спутникті навигацияны құрастыру жайында идея 1950-ші жылдары пайда болды. Ол кезде КСРО ең алғаш жердің жасанды серігін ұшырды, американдық ғалымдар және Ричардом Кершнердің бастауымен сигналды байқады, сигнал кеңестік спутниктен байқалды, Доллер эффектісінің көмегімен сигналдың қабылдану спутник жақындаған сайын артатындығы, ал алыстаған сайын азаятындығы байқалды.