Әлем жаңалықтары
АҚШ "қытайлық вирус" деп атауға тыйым салатын қарар қабылдады
Қарарда коронавирусты "қытайлық вирус", "Ухан вирусы" немесе "кунг-фу" деп атау мақұлданбайтыны жазылған.
Сондай-ақ қарар авторлары АҚШ билігін мұндай сөздерді қолданғандарды айыптауға, этникалық тегіне қарамастан барлық америкалықтың денсаулығына қамқорлық жасауға шақырды.
Сонымен қатар парламенттегілер құқық қорғау органдарын COVID-19 вирусына байланысты жасалатын қылмыстарды жеке тергеу керегін айтты.
Айта кетейік, осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирусты "қытайлық вирус" деп атап, індеттің таралуына Қытайды кінәлаған еді.