COVID-19
Елімізде қайтыс болғандар саны артып жатыр
Төрт науқас коронавирус инфекциясынан, екеуі ковидтік пневмониядан көз жұмды.
Өткен тәулікте 242 адамда пневмония диагнозы расталды. 1 тамыздан бері пневмонияға шалдыққан пациенттер саны 30 579 адамға жетті, 337 науқас қайтыс болды.
Қазіргі уақытта 3 835 адам коронавирустан ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 40 бала бар. Стационарларда 1 967 науқас жатыр, 1 868 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Науқастардың арасында 100 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 13 науқастың хәлі мүшкіл деп бағалануда. 15 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.