Қоғам
Қоғам белсендісі кредитке байланысты пікір білдірді
Расын айту керек, қоғам белсендісі Жанболат Мамайдың несиені кешіру туралы бастамасы жұрт арасында түрлі пікір қалыптастырып отыр. Бірі несиені толықтай кешіру мүмкін емес десе, екінші тарап әбден мүмкін екенін айтады. Тек ниет болса жеткілікті.
Сәбит Рысбаев есімді facebook қолданушысынының айтуынша, ары кетсе 19 млн болатын халықтың қарызын төлеп беруге онша көп ақша кетпейді.
«Осы жылы коронавируспен күреске 6 триллион теңге бөлінді, соңғы 4 жылда банктерге көмек ретінде 5 триллион теңге бөлінді. Енді бүкіл 19 миллион халықтың кредит деген мәселесін біржола кешіре салуға 4.5 триллион теңге кетеді екен.
Егер біз халықтың кредитін кешірсек халық масылдыққа үйреніп қалады-мыс. Бұны айтып жатқандар мемлекеттік органдар емес мемлекеттен тиын-тебен алатын блогерлер. Сонда жемқорлар үшін бөлінетін триллиондар оларды масылдыққа әкелмейді де, қарапайым халық үшін өмірлерінде бір рет жеңілдік әкелу масылдық екен.
"Менің салығым неге оның айфонының кредитін жабу керек" деп әрбір салықтарыңның тиын тиынымен есебін алып жүрген адам сияқты бюджетті қызғанбай ақ қойыңдар! Жабылса ұлттық қордан жабылады. Бәрібір кім көрінген қызығын көретін ақша емес пе? Мен мықты экономист емеспін, бірақ мен адаммын. Әрбір адамның ай соңында ішпей жемей ашкөз банктердің пайызы жоғары кредитін жауып жүргенінен хабарым бар. Кредитті жауып бұдан соң тек төлем қабілетіне қарай ғана кредит беру керек деп ойлаймын», - дейді жазба авторы.