Шымкент

Әлеуметтік көмекті қажет ететін шымкенттік оқушыларға компьютерлер берілді

35 798 оқушыға

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Шымкентте қашықтан білім беру жағдайында 222 050 оқушының 80 780-не (36,3%) компьютерге тапшылық анықталды. 80 780 оқушы, яғни, 37 873 – компьютерге мұқтаж, 42 907-і әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балалары.
Білім ұйымдарындағы компьютерлерді уақытша беру арқылы бірінші кезекте әлеуметтік көмекті қажет ететін 20 150 отбасының 35 798 баласы қамтылды.
Үкімет қорынан және жергілікті бюджеттен алынатын 36 355 компьютерлік құрылғы есебінен қалған 44 982 бала қамтылады. Алынған компьютерлер мұқтаж оқушыларға уақытша пайдалануға беріледі.
Биыл шілде айында әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы отбасы балаларының саны 35 798-ді құраса, бүгінгі таңда аталған санаттағы балалар саны – 42 907. 
Қазіргі таңдағы компьютер саны – 20 201. Оның ішінде:
- 01.07.2020 жылға дейінгі компьютер саны – 12 974, жарамдысы – 9 226.
- 2020 жылғы шілде айында сатып алынғаны – 10 975. Қаралған қаржы – 2 250 000,0 мың тг.
Қосымша сатып алынатын компьютерлік құрылғы саны – 36 355 ( 7 438 - компьютер, 24 716- ноутбук, 4 201- планшет).
Оның ішінде:
- ҚР Үкімет қорынан алынатын компьютерлік құрылғы саны – 31 160. Қаралған қаржы – 4 825 833,6 мың тг.
- Жергілікті бюджет есебінен алынатын компьютерлік құрылғы саны – 5 195. Қаралған қаржы – 1 000 579,6 мың тг.