Саясат

Мемлекеттік қызметтен бірінші кезекте кімдер қысқарады?

Мемлекеттік қызметтен бірінші кезекте кімдер қысқаратыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекеттік қызметтен бірінші кезекте кімдер қысқаратыны белгілі болды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, штат бос орындарды алып тастау мен зейнеттегілерді шығару есебінен қысқарады.

"Биыл біз он пайызын қысқартуымыз керек. Келесі жылы - 15 пайыз. Бұл ретте бос тұрған жұмыс үлесі - 8,5 пайыз. Осыған байланысты биыл қысқарту бос лауазымдар есебінен қамтамасыз етіледі деп отырмыз", - деді Жайылғанова.

Сонымен қатар ол бос лауазымдар біркелкі бөлінбейтінін түсіндірді, сондықтан "әрбір мемлекеттік орган бойынша жеке есептеулер жүргізу қажет" екенін айтты.

"Әрбір мемлекеттік орган мәселені шешеді. Бұдан басқа, біз ресурсты да пайдаланамыз - бізде жұмыскерлердің зейнетке шығуы есебінен жыл сайын мыңнан астам орын босайды. Тағы алты мыңға жуық адам бар - бұл жыл сайынғы ауысымдылық: жеке секторға немесе басқа ұйымдарға баратындар. Бұл құралдар да қолданылады. Бірақ біз нақты бір адамдарды қысқартпаймыз және оларды жұмыссыз қалдырмаймыз. Әрине, барлығы ойластырылады және менің ойымша, мемлекеттік органдағы кез келген басшы қысқарып қалатын адамдарға қамқорлық жасайды", - деп түйіндеді ол.