Шымкент
Жасөспірімдер арасында қылмыстылықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу
Шымкентте аудан әкімінің, аудан прокурорының, «NurOtan» партиясының аудандық филиалының, аудандық полиция және қалалық білім басқармаларының бірлескен бұйрығына сәйкес құрылған 8 мобильдік топ 2020 жылдың жарты жылдығында 98 семинар-кеңестер өткізді.
Жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бермеу, қылмыстылықтың алдын алу мақсатында 75 түнгі рейд ұйымдастырып, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес 920 хаттама толтырылды. Оның ішінде: 791 ата-анаға ескерту, 24 ата-анаға айыппұл және 18 ойынхана иелеріне хаттама толтырылып, 9-ы сот шешімімен қысқартылып, ал қалған 9 кәсіпкерлерге 359 813 теңгеге айыппұл салынды.