Шымкент

Жастар мәслихаты – жастар саясатының басым бағыттарының бірі

Әлеуметтік-экономикалық даму ұсыныстарын енгізу үшін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Статистикалық деректерге сүйенсек, Шымкент қаласындағы жастар саны 264 281 құрайды (оның ішінде ерлер – 127 711  (48,3%) әйелдер – 136 570 (51,7%), жалпы қала халқының – 26 % құрайды. Шымкент қаласы – Қазақстанда жастары көп үшінші ірі аймақ.

Қалада 11 жоғары (мемлекеттік-3) және 37 арнаулы орта оқу орындары (мемлекеттік-14, жекеменшік-23) бар. Студенттердің жалпы саны - 142 995.

Оқушылардың жалпы саны – 197 420, оның ішінде жастар санатына жататын оқушылар саны – 58 760.

Шымкент қаласында былтыр қаланың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық дамуына қатыстыру, ұсыныстар енгізуге мүмкіндіктер беруді ұйымдастыру мақсатында «Жастар мәслихаты» құрылды. 

Жастар мәслихаты 29 депутаттардан сайлау арқылы қалыптастырылды. Олардың өкілеттігі 2 жылға созылады. Бүгінде жас депутаттардың біліктілігін арттыру мақсатында оқу курстары, қалалық мәслихат депутаттары және басқа да тиісті сала мамандарымен кездесіп тәжірибе алмасуы ұйымдастырылуда.

Жастар мәслихатының депутаттарын қалалық мәслихаттың сессиясына қатысып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік бағдарламалар мен көрсетілетін қызметтер бойынша жастар арасында ақпараттық – насихаттық шараларды жүргізуге үлес қосатын болады.

Шымкент қаласы әкімі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес – Кеңес төрағасы қала әкімі. Кеңес құрамында – 27 адам, оның 42% жастар өкілі.