Шымкент

Жастарды жұмыспен қамту

Кәсіп ашуға көмектесу мен жас мамандарды жұмысқа орналастыру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 6 мыңнан аса жас жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр.

Қалада жастарды жұмыспен қамтудың, тәжірибесін арттыру мен кәсіп ашуға көмектесудің жергілікті бағдарламалары жүзеге асырылуда. Мәселен, Жастар практикасымен қамтуды ұлғайту мақсатында Шымкент қаласында «Professional» жобасы ұйымдастырылды. Жоба аясында былтыр 1000 астам жас маман конкурс негізінде практикадан өтті. Биыл Шымкент қаласында топ-25 кәсіпорынмен келісім жасау жұмыстары жүргізілуде.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту, шағын несиелеу» бойынша несие берілуде.

Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға жас азаматтарға мемлекеттік грант беру жоспарланған. Жастар кәсіпкерлігін нығайту мақсатында «Атамекен» ҰКП бірлесіп «Бастау бизнес» курсы жүргізілуде.

«Бизнестің жол картасы - 2020» шеңберінде жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге 72 млн теңге қаралып, 24 млн теңгені құрайтын 9 жоба қаржыландырылды.