Қоғам
9 жыл бұрын жоғалып кеткен қыз табылды
Белгілі болғандай, ол 2011 жылы үйінен мектепке емтихан тапсыруға шығып, сол күйі оралмаған. Ол кезде жасы 16-да болыпты.
"Қанша уақыт өтсе де, іс жабылмайды. Жоғалғандарды іздеу жұмысы ештеңеге қарамастан жалғаса береді. Кейде із-түссіз кеткендерді 12, тіпті 15 жылдан кейін табатын кездер болады. Міне, бұл қыз да енді табылып отыр, ата-анасы оны көз жұмды деп ойлаған", - деді полициядан.
Қыз Алматы қаласынан табылды.
"Тексеріс барысында анықталғандай, ол мектеп емтиханын тапсыра алмағандықтан, үйіне баруға ұялған. Сөйтіп, мүлде басқа қалаға кетіп қалуға бел байлаған", - деді полициядағылар.
Қазір ол ата-анасымен бірге үйінде.