Әлем жаңалықтары

Шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі ұзартылды

Шетелдіктер елімізде тағы қалады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үкіметі әлемдік коронавирусқа байланысты елден шығып үлгермеген шетелдік азаматтарға Қазақстанда тұру мерзімін ұзартты.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Азаттық рухы агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Үкіметі әлемдік пандемияға байланысты елден шығып үлгермеген шетелдік азаматтарға рұқсат мерзімін 1 қарашаға дейін созу туралы шешім қабылдады. 2020 жылдың 16 наурызы мен 1 қарашасы аралығында мерзімі өтіп кеткен құжаттар ғана қабылданады. Сонымен бірге, елімізге визасыз келіп, қайта еліне оралып үлгермеген шетелдіктер үшін 1 қарашаға дейін тұруға рұқсат беріледі. Ең маңыздысы – 1 қарашаға дейін елде қалу мерзімін бұзып, кете алмай қалғаны үшін шетелдіктер және оларды қарсы алған азаматтар да әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды», - деді Нұрділдә Ораз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61