Саясат

Әблязовқа қатысты сот отырысы өтеді

Сот Жамбыл облысында жүргізіледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Мұхтар Әблязовқа қатысты іс Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады,-деп хабарлайды Bugin.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық-процестік кодекстің 304-бабына сәйкес, 2018 жылдың 2 қазанында Мұхтар Әблязовтың Қылмыстық кодекстің (16.07.1997 жылдың редакциясы) 28-бабының 3-бөлігі бойынша, 96-баптың 2-бөлігі "ж", "з" пунктері бойынша сотқа тартылғанын хабарлайды", - делінген прокуратураның хабарламасында. Айта кетейік, Әблязов "Банк ТұранАлем" АҚ экс-төрағасы Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр. Сондай-ақ, ол бұл қылмысты жасау кезінде Мұратхан Тоқмәдимен алдын ала сөз байласқан деген күдік те бар екені айтылған еді. 

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61