Шымкент

Шымкентте он үш білім ошағында мектеп оқушылары үшін әскери-патриоттық "Кадет сыныптары" ашылған

Білім, ерік-жігері, батылдық, табандылық, азаматтығы және патриотизм мен жеке мәдениет кадетін қалыптастыру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президенттің «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптарды құру, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргізу , оны білім мекемелерінде іске асыру мақсатында былтыр Мегаполистегі он үш білім ошағында мектеп оқушылары үшін әскери-патриоттық «Кадет сыныптары» ашылған болатын.

Білім, ерік-жігері, батылдық, табандылық, азаматтығы және патриотизм мен жеке мәдениет кадетін, өнер және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру сатысында Шымкент қаласында ашылған кадет сыныптары бүгінде алуан түрлі іс-шаралар өткізіп, жұмыс қарқынды жүргізілуде.

Айта кетейік, Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында «Мен өз Отанымның батыл қорғаушысымын» атты әскери-патриоттық , спорттық сайыстар өкізіліп, ауыспалы кубок сарапқа салынды.

Аталған шараға білім басқармасына қарасты 134 мектептен 1500 оқушы, ардагер ұстаздар. әскери қызметкерлер, қорғаныс істері жөніндегі өкілдері қатысты. Іс-шара қонақтары жас өрендерді Отан қорғауда аянбай еңбек етуге шақырды. Сайыс соңында ақтық сайыста үздік шыққан 8 команда іріктеліп , жеңіс тұғырынан көрінген мектептер мен жас сарбаздарға ауыспалы кубоктар табыс етілді.

Сондай-ақ, «Жас сарбаз» қозғалысының негізінде Шымкент қаласындағы №80 мектеп-лицей базасында «SMART-SARBAZ» үйірмесі ашылып, жүйелі түрде жұмыстар атқарылуда. Жалпы, Шымқаладағы 13 мектепте (№5, 17, 24, 28, 80, 83, 89, 31, 45, 68, 103, 125, 129) «Кадет сыныптары» ашылды. АНТ қабылдау рәсімдері өтті.

"Кадет сыныптарының" тəрбиеленушілері патриоттық сезімді оятатын рухты өлең жолдарымен əсери қанатты сөздерді жүрек түкпіріне жеткізе отырып, патриотдық руxты оятты. Ұлтын сүйген ұлағатты, патриот ұлдары мен қыздары Қазақстан мемлекеттінің көк туын əрқашан биікте желбіретіп, тұғырларда әнұранды әуелететіні сөзсіз. Әсілі, жас өренді ұлттық рухқа, патриотизмге, батылдыққа тәрбиелеу дәл осы кезеңнен бастау алса керек..

Кадеттіктер алдағы уақытта талай-талай белестерді бағындырып, білім мен тәрбие нәрімен сусындаған мектептерінің абыройын асқақтата берулеріне тілектеспіз.