Шымкент
Түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен кері байланыс орнату мақсатында жыл басынан Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетовтің қабылдауында 132 азамат болып, олардың мәселелеріне қатысты сала мамандарынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңес берілді.
Жалпы Шымкент қаласы Полиция департаменті басшы құрамының, аудандық Полиция басқарма бастықтарының жеке қабылдауына 551 азамат қабылданып, тиісті кеңес алған.
Қазіргі кезде төтенше жағдай жариялануына байланысты Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетов халықпен онлайн режимінде кездесу өткізуде. Қабылдауға 20 азамат қабылданды. Көтерілген мәселелер: Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұрлық жайттары, алаяқтық, жол-көлік оқиғасы, карантин кезіндегі талаптар, кез-келген бос орта басшы құрам лауазымына қабылдау бойынша. Аталған мәселелер бойынша орта және кіші басшы бос лауазымдарын қабылдау комиссиясында баянаты қаралып, жазбаша жауап берілетіні түсіндірілді. Барлық қылмыстық іс құжаттар зерделеніп бақылауға алынды. Айта кету керек, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты осындай форматтағы қабылдаулар қарқын алуда.
Қалыптасқан жағдайға байланысты департамент бастығы азаматтарды онлайн түрде әр аптаның сәрсенбі күндері сағат 15.00-де қабылдауда. Тұрғындармен кездесу өткізудің қазіргі сәттегі ең оңтайлы форматы осы болып тұр. Карантин режимі басталғаннан бері Полиция департаменті осындай 4 онлайн-қабылдау өткізді. Қала тұрғындары өздерінің қандай-да бір мәселе, өтініштері болса алдын-ала қабылдауға жазылып, қажетті ақпаратты алуларына болады.