Шымкент
Кәсіпкерлікті қолдау
Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында 212 өндірістік өнеркәсіп орыны орналасқан.
Оның ішінде 2019 жылы үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Оңтүстік» индустриалды және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтарында құны 4 193,0 млн теңгені құрайтын 5 өндірістік кәсіпорын 140-нан астам жаңа жұмыс орындарымен іске қосылды және 1 500,0 млн. теңгеден астам жеке инвестиция негізінде 1 сауда үйі, 1 демалыс аймағы ашылды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен төмендетілген пайызбен несие беретін мекеме мамандарының қатысуымен жеке кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікке ынталы азаматтарға 2 семинар-кеңес, 6 жиналыс өткізіліп, кәсіпкерлікті дамыту бойынша төмендетілген пайызбен несие алу бойынша түсіндірілді.
Аудандағы 1 базар мен 13 үлкен сауда үйлерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағаларын тұрақтандыру мақсатында тұрақты мониторинг жүргізіледі. Базар және үлкен сауда үйлерінің басшыларына бағаны негізсіз өсірмеу туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
«Айна» базарының автотұрағында тұрақтандыру қоры арқылы төмендетілген бағада қажеттілігіне қарай бірінші қажетті азық-түлік өнімдері (картоп, пияз, сәбіз, рошки, күріш, шекер, ұн) сатылуда.
«Әсел» базарының алдындағы автотұрақта әр жексенбі күні және «Фосфоршылар» үйінің алдында әр сәрсенбі күні отандық тауар өндірушілерді қатыстыра отырып, жәрмеңке өткізілуде.