Шымкент

Агро-индустриалды аймақтың артықшылықтары

Инвесторларға қолайлы жағдай жасау

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте «Оңтүстік», «Тассай» индустриалды аймақтары, Арнайы экономикалық аймағы және сауда-логистикалық орталығы бар. Алдағы уақытта тағы бір индустриалды аймақ ашылу жоспарланып отыр.

Индустриалды аймақ кәсіпкерлер үшін ірі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берер кеңістік. Мұнда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар, яғни, су, жылу, электр жарығы тартылған. Кәсіпорындардың бар қуатымен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Инженерлік желілер жоқ жерге тегін жеткізіледі. Мұндай жерде кәсіпорын ашқысы келген кәсіпкерлерге субсидия түрінде қолдау көрсетіледі. Өнімді тасымалдау мен ұйымдастыруға, қызмет алуға өте ыңғайлы орын.

- Агро-индустриалды аймақтарды құрудағы басты мақсат – қаламыздың инвестициялық мүмкіндігін арттырып, ауыл шаруашылығы саласында инвесторларға қолайлы жағдай жасау. Жобада ауыл шаруашылығы саласын дамытып, аграрлық секторды экономиканың қозғаушы күшіне айналдыру көзделіп отыр, сондықтанда тиісті ұйымдастыру жұмыстарына қарқын беру керек, - деді М.Әйтенов.

Қазіргі уақытта Шымкентте жаңадан құрылған агро-индустриалды аймақта жалпы инвестиция құны 5,5 млрд. теңге болатын 6 жоба жүзеге асырылу көзделіп отыр. Нәтижесінде жаңадан 500-ден астам жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, құрылыс барысында 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ.