Шымкент

Шымкентте "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Жол қозғалысына қатысушылар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көлік апаты мен жолдағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін шымкенттік полицейлер тексеріс шарасын өткізді. 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бекітілген «Жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар өткізудің 2020 жылғы 3-тоқсанына арналған кестесінің» талаптарына сай, жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында, 2020 жылғы 22-24 қыркүйек аралығында Республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның басты мақсаты жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауы, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ, заңсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын, техникалық жағдайы мен құрылысы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилерді пайдалануға тыйым салуға шаралар қабылдау болып табылады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі