Шымкент
Ғаламтор алаяқтарын анықтау
2020 жылғы 18 тамызда республика аумағында басталған «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы 20 тамызда аяқталды.
Аталған профилактикалық іс-шараның басты мақсаты қызмет көрсету аумағында ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу.
Зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, интернет-алаяқтықты, порнографияны оның ішінде балалар порнографиясын дайындайтын және тарататын, сондай-ақ суицидалды бағыттағы ойындарды, интернет желісіндегі өзге де құқық бұзушылықтарды насихаттайтын адамдарды анықтау болып табылады.
Шараға Криминалдық полиция, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Экстремизм, Тергеу, Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қатысады.