Weekend

Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалында үздік бестікке енбей қалды

Көрермендердің дауыс беруі бір тәулікке созылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

America's Got Talent әлемдік шоуының 15-ші маусымының финалында көрермендердің дауыс беру нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық Данэлия Төлешова үздік бестікке енбей қалды, америкалықтар оның қарсыласы болған Кристина Рэйге көбірек дауыс берді.

Көрермендердің дауыс беруі бір тәулікке созылды. Нәтижесінде Брендон Лейк (Brandon Leake) жеңімпаз болды, ол өлең оқыған болатын.

Шоудың финалы Лос-Анджелесте өтті. Он төрт жастағы Данэлия Сианың "Alive" әнін орындады.

Ән салып болғаннан кейін қазылар алқасының мүшесі Хоуи Мэнделл жас әншінің сенімділігіне тәнті болғанын жеткізді.

"Барлық қатысушының арасында бала болсаң да ең тәжірибелі, ең сенімді болып көрінесің. Бүгін әншілердің бәріне қиын соғады деп айтар едім. Бұл – рас, себебі сен расында да керемет әншілермен бәсекеге түсіп жатырсың. Алайда бұл – байқау. Жеңімпазды қазылар алқасының таңдамайтынына қуаныштымыз", – деді Менделл.

Сондай-ақ Данэлия танымал америкалық әнші Эйва Макспен (Ava Max) конкурстан тыс өнер көрсетті.

"Егер менде "Алтын түймені" біреуге беру мүмкіндігі болса, мен оны Данэлияға берер едім", – деді қазылар алқасының мүшесі София Вергара.

Айта кетейік, America"s Got Talent шоуының 15-ші маусымы мамырдың соңында басталды. Данэлия Төлешова Қазақстан атынан өнер көрсеткен жалғыз қатысушы.