COVID-19
Қазақстанда кезекші сыныптардағы төрт оқушыдан коронавирус анықталды
"1 қыркүйектен бастап облыс аумағында төрт жағдай тіркелді. Олар Шемонаиха ауданының 4-сынып оқушылары, Көкпекті ауданының 11-сынып оқушысы және Алтай ауданының 2-сынып оқушысы. Науқастар оқитын мектептер шағын жинақты мектептер болып саналады", - дейді департаменттегілер.
Қазір облыс аумағында 14 күндік карантинге екі сынып пен бір мектеп жабылды. COVID-19 анықталған барлық мектепте эпидемияға қарсы дезинфекциялық шаралар жүргізілді дейді.