Саясат

27 жастағы көпбалалы анаға пәтердің кілті табысталды

Әлеуметтің мәселесін әлеуметтік желі шешті ме?

 

 

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Жастар жылының» ашылу салтанатында сөз сөйлеген 7 баланың анасы, көпбалалы ана Жазира Тұрғынова баспаналы болды. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы баяндайды.

Іштегі күйікті жиып, елбасының алдында қасқайып тұрып 7 баланы бағып-қағып өсіріп отырған көпбалалы ана Жазира Тұрғынова мемлекет басшысына алғыс айтып, елге демографияны көтеруге шақырған еді.

«Жастар жылының» ашылу  салтанаты аяқталысымен, көпбалалы ананың өмірі әлеуметтік желілерде қызу талқылана бастады. Оның жағдайы жоқтығы, тіпті баспанасының да болмағандығы туралы ақпарата тарады. Президент алдында өзін керемет ұстай білген ананың мұндай жағдайына жұрттың жүрегі ауырғаны анық. Ақыры әлеуметтің мәселесін көтере білген әлеуметтік желі өз дегенін жасады.

Қуанышты жаңалықтың бірі де осы. Қоғам белсенділерінің ат салысуымен жүзеге асып, мемлекет қолдай кеткен мәселе ақыры Жазира Тұрғыновға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың пәтер кілтін табыстауымен аяқталды. Тек бұл ғана емес, Жазираның жолдасын арнайы оқыту курсынан өткізіп, жұмыспен қамтамасыз ету жағын да қарастырған.

«Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, қоғам алдында, күн тәртібінде тұрған мәселенің жауабы табылды.