COVID-19

БҰҰ адамзат коронавирус пандемиясының сынағынан өте алмағанын айтты

Адамзат коронавирус пандемиясының сынағынан өте алмады - БҰҰ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

БҰҰ адамзат коронавируспен күресте сәтсіздікке ұшырағанын мойындады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы бейсенбіде БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирус бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысында айтты.

Бас хатшы коронавирус инфекциясы анықталғандар мен өлім статистикасын келтірді - миллионға жуық адам қайтыс болды және 30 миллион адам вирус жұқтырды. Гуттериштің пікірінше, әлем адамзаттың ынтымақтастықтан бас тартуына байланысты мұның алдын ала алмады.

"Пандемия - халықаралық ынтымақтастық үшін сынақ болды және біз сәтсіздікке ұшырадық. (...) Бірақ бұл бізді іс-әрекетке итермелейтін ескерту де болды", - деді Гуттериш. Ол әлемді бірігуге шақырды.