Woman

Мәскеулік бет әрлеуші - Гоар Аветисян

Қазіргі заманның үлгі аларлық тұлғасы кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл заман мүмкін еместі мүмкін ететін, қай жағынан болсын қол жетімді заман болып тұрғаны баршамызға аян. Соның ішінде сылқым сұлуға ертегідегі сиқырдай көрінетін сән әлемінің күннен-күнге жаңалықтарының көбеюі. 

Қазіргі таңдағы өзіне өзгерісті шектен тыс жасайтын бикештер туралы мәселелер өзектілігін жоғалтқаны, ол үйреншікті оқиғаға айналғанына көндіктік. Бірақ, сол сән әлеміндегі теріп алар игі әрекеттерді айта жүрген де жөн.

Бүгінгі қозғалатын жайт ауыр дертке ұшыраған және де басқа да табиғатынан сынақтарға тап болған аруларға бақыт сыйлап жүрген Мәскеулік Гоар Аветисян туралы болмақ. 27 жастағы Гоар Аветисян, ұлты бойынша армян. Бұл ару туралы бірі білсе, бірі білмес.  Сән әлемінен және жастарға өзекті инстаграм желісінен ойып тұрып орын алған Гоар Аветисян қазіргі таңда сұранысқа ие визажист яғни, бет әрлеуші болып табылады. Оның бар құпиясы - өз ісіне деген махаббаты.

Гоар Аветисянның балалық шағы қандай болды? 

Ол 1993 жылы 4 шілде күні Мартуни қаласында дүниеге келген. Гоардың ата-анасы Мәскеуде тұрып, сонда қыздарын өсіреді. Гоар музыка мектебінде оқыған және өте талантты, ынталы оқушы болған. Қазіргі таңда Гоар фортепианинода еркін ойнайды.

Оның бет әрлеуге деген ынтасы 5 жасынан байқалған. Анасының бояуларына қызығушылық танытып, өзін, қуыршақтарын бояндыруды бала Гоар әдетке айналдырған .

Осылайша, Гоар 16 жасында бет әрлеп өзінің алғашқы еңбек ақысын тапқан. Бұл Гоарға шабыт сыйлап, өзінің сүйікті ісін алып кетуге үлкен мүмкіндік берген.

Гоар Авитесянның қандай ерекшеліктерін айта аламыз?

Оның көптің көңіліне жылулық ұялатқан әрекеті - ауыр дертке ұшырап көңілінде кірбін ұялаған кез келген аруға адам танымастай келбет сыйлауы. Өзінің әдемі келбетін, әрленген бет әлпетін көрген ару көзіне жас алмай қоймайды. Бұл әрине, бақыттың көз жасы. Ең қызығы, сол жандарға өмір сүруге мотивация бере алуы. Тек қана ол емес, барлық сырт-келбетіне көңілі толмайтын әйел адамзатына мотивация десем де қателеспеген болар едім.

       

Сонымен қатар, ол онкологиялық науқастарға көмектеседі. Балалар мен аналарға арналған ауруханаларда демалыс ұйымдастырып, оларға қуаныш сыйлау үшін кішкене болсын қолдан келген арманын орындауға мүмкіндік жасайды.

Түйін: Қаншама миллиондаған халыққа, әлемнің көптеген мемлекетіне танымал болса да, қарапайымдылығы басым бұл ару барлық жанға үлгі болса және де жер бетін де осындай мейірімді жандар көп болса деген ниеттемін.