Саясат
Елімізде КСРО төлқұжатымен жүрген 867 адам анықталды
«Еліміздің әр жерінде құжатсыз тұрып жатқан адамдар анықталып жатыр. Осыған орай министріміздің тікелей тапсырмасымен биыл арнайы акция ұйымдастырып жатырмыз. Статистикаға көз салар болсақ, 2019 жылы «қызыл төлқұжатпен» (КСРО төлқұжаты) жүрген 1 727 адам құжаттандырылды. Биыл 8 айда 867 адам анықталып, жаңа құжатын алды», - деді комитет бастығы ІІМ-нің Facebook парақшасында өткен брифинг барысында.
Мысалы оның айтуынша, Қостанай облысында бір ер адам 30 жыл бойы құжатсыз тұрған. Оны ішкі істер органдарының қызметкерлері анықтап, тиісті көмек берген.
«Қазіргі уақытта ол жеке куәлігін алды. Тағы бір мысалға тоқталсам, Қарағанды облысында 46 жастағы әйел мен оның ұлы ұзақ уақыт бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген. Бүгінде біздің қызметкерлер тиісті сұрау хаттарын жолдап, олардың қай жерде туғанын, тұрғанын анықтап жатыр. Ал Алматы облысында көші-қон қызметі қызметкерлері өңірде тұратын үш қарт адамға алғаш рет жекебастарын куәландыратын құжаттарын береді. Оның бірінің өз азаматымыз екендігін анықтап жеке куәлік берсек, екіншісіне азаматтығы жоқ куәлігін табыстады. Ал үшінші қарт адам Ресей азаматы болып шықты. Оған ықтиярхат рәсімдедік», - деді Сабыржан Сейітжанов.