Bugin

Жаркентте "Қажымұқан" фильмі түсірілді

Тарихи көріністер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаркент қаласында "Қажымұқан Мұңайтпасов" деректі фильміне түсірілім өтті.

Түсірілім 12-14 қырқүйек аралығында аты аңызға айналған "Уәлібай" мешітінде болған. 

Құрылысында шеге кездеспейтін бұл мешітте 1905 жылғы сахна түсірілген. Қосалқы рөлдерге Жаркент қаласының тұрғындарын іріктеп алған. Түсірілімге 17-40 жас аралығындағы әйел адамдар мен 16-70 жас аралығындағы ер адамдар қарастырылған. 

Басты талап:қытай және славян ұлттарына ұқсас болу еді. 12 қыркүйек күні 1905 жылғы сахнаның  түсірілімі өтті. Түсірілім таңғы 6-да басталып, кешкі 5-6 ға дейін жалғасты. Басты актерлермен барлық қосалқы рөлдерді сомдайтын актерлерге де гонорардан бөлек тегін тамақтану мүмкіндігі берілген.

1941 жылғы сахна Әулиеағаш маңына жақын жердегі  тау қыраттарында түсірілген. 

- 2021жылы фильмнің тұсаукесері болуы мүмкін дейді, - режиссер.