Қоғам
198 мың өлім тіркелді
Самат Қайырденұлы, тілші:
– Өңірдегі жағдай уақыт өткен сайын ушығып барады. Он шақты күн болды қанаттылар қынадай қырылып жатқанына. Осы күнге дейін аймақта 198 мың 245 құс өлген екен. Оның 15 мың 203-і жеке меншіктікі болса, қалған 183 мың 42-сі фабрикаға тиесілі. Қазір ветеринарлар үй-үйді аралап екпе салып жүр. Осы күнге дейін 230 мыңға жуық вакцина қойылыпты. 18 ауыл карантинде. Бүгін кешкі сағат 18:30-да тағы 11-і жабылады. Қазір қаулы дайындалып жатыр.
Айта кету қажет, Аққайың ауданына қарасты Тоқыш және Уәлиханов аудандарының орталығы Кішкенекөлде де құс өлімі тіркелді. Олардан сараптама алынып, Нұр-Сұлтан қаласына зертханаға жіберілді. Қазір жергілікті мамандар мен өңірде республикалық эпизоотияға қарсы жасақтың мамандары жұмыс істеп жатыр. Яғни өлекселер өртелуде. Дегенмен аймаққа оларды өртеу үшін арнайы техника аздық етіп отыр. Мендегі бар ақпарат осы. Осы категория бойынша: «Қазақстанда тағы 69 адам коронавирустан айықты Елімізде қанша адам жұмыссыз отыр».