Денсаулық

15 жастағы оқушы қуаттағышта тұрған телефон тоғынан мерт болды

Алматы облысында қайғылы жағдай болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысында 15 жастағы оқушы қуаттағышта тұрған телефоннан тоқ соғып мерт болды. Қайғылы жағдай Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылындағы үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

«Қайғылы жағдай 26 қыркүйек күні түнгі сағат 22:00 шамасында болған. Тоқ соғу салдарынан 15 жастағы тұрғын мерт болды. Алдын ала болжам бойынша, қыздың ұялы телефоны қуаттағышта тұрған. Қазір арнайы сараптама тағайындалды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын Алматы облысында ұялы телефонын жанында ұстап ұйықтаған 9 сынып оқушысы қайтыс болды.

Полицияның ақпаратына сәйкес, 14 жастағы қызды қуаттағышта тұрған ұялы телефоннан тоқ соққан. Сол кезде Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 9 сынып оқушысының қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалмағаннын жеткізді. Себебі бұл факті оқыс оқиға ретінде тіркелген. Бірақ Қаратал ауданындағы Полиция бөліміндегілер тиісті тексеру жұмыстарын жүргізген болатын.