COVID-19
Коронавирусты 40-тан 65 жасқа дейінгі жұқтырған адамдар санының өсуі байқалады
«Өткен жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінде жіті вирустық гепатиттермен сырқаттанушылық тіркелген. Жіті ішек инфекциялары тобымен сырқаттанушылық 30,4 пайызға, сальмонеллезбен сырқаттанушылық 20,65 пайызға, туберкулезбен сырқаттанушылық 35,61 пайызға, педикулезбен және энтеробиозбен сырқаттанушылық 13,01 пайызға төмендегені байқалады», - деді Пралиева онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол Covid-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға тоқталды. Нұр-Сұлтан қаласында (13.03) індет басталған сәттен бастап және қазіргі (29.09) уақытқа дейін 14084 зертханалық расталған КВИ (оның ішінде 8645 симптомдармен және 5439 асимптоматикалық) және 540 КВИ (вирус сәйкестендірілмеген) тіркелген.
«Жас құрылымы бойынша 40-тан 65 жасқа дейінгі жұқтырған адамдар санының өсуі байқалады. Қазіргі уақытта КВИ ауруының жағдайларын тіркеу жалғасуда, тәулігіне симптомдары бар аурудың басымдығымен 3-тен 20-ға дейін жағдай тіркеледі. Ересектер арасында да, мектеп жасындағы балалар арасында да тіркелуде», - деді Жанна Пралиева.