Weekend
69 жасқа қараған шағында көз жұмды
Валерий Александрович 1950 жылы Челябі облысы Верненский ауданында дүниеге келді. Петропавл педагогикалық институтын тәмамдаған соң 1973-1994 жылдары "Маяк", "Ленинское Знамя" газеттерінде тілші болып істеді. 1994 жылдан бері "Казахстанская правда" республикалық газетінің жеке тілшісі қызметін атқарған.
Валерий Мерцалов бір айдан кейін 69 жасқа толуы тиіс болатын. Зейнет жасы мен ауыр науқасына қарамастан 25 жыл "Казправда" үшін адал еңбек етіп, жарты ғасыр өмірін журналистикаға арнаған.
Валерий Мерцаловтың жарқын бейнесі қазақстандық журналистердің мәңгі жадында қалады.