Саясат

Назарбаев "Шымкент ескі қалашығын" аралады

Көне қалашықты аралап көру кезінде Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі болып табылатын "Шымкент ескі қалашығы" тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Көне қалашықты аралап көру кезінде Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

"Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ шара аясында қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті мен оның даму перспективалары туралы айтып берді.

Айта кетейік, "Шымкент ескі қалашығы" – бұл Қазақстан Республикасының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген археологиялық нысан.

Жалпы қалашықта үш стратиграфиялық қазба жасалған. Қалашықтың мәдени қабаттары 14 метрді құрайды. Қалашықтың ең төменгі қабатында б.з.д. ІІІ ғ. соңы - б.з.д. ІІ ғ. басына тән керамика кешені бар. Ол Соғдының урбанизацияланған қоныстарына сәйкес келеді.