Саясат
«Жарияланған жастар жылына жаңаша өзгерісті ұсынамыз»
Ақылы бөлімді былай қойған күннің өзінде мемелекет бөлген тегін гранттармен білім алған жастардың жартысынан көбісі табақтай дипломдарын құшақтап есік-есікті жағалап жұмыс іздеумен әлек. Бір емес бақандай төрт жыл уақытын жұмсаған жастардың арманы мен мақсатының аяқ асты болып заңгерлер мен экономистердің еліміздегі көп компанияның құрлысын қалап, одан қалды даяшы мен көмекшіліктен көз ашпайтындығын көрген кезде көңілің құлазып қала береді. Құрғақ қасықтың ауыз жыртатыны секілді, көптеген жоғарғы оқу орындарының тексерілмейтін тиісті статистикаларында бітіруші мамандардың 90 пайызы дерлік жұмысқа орналасып қойыпты-мыс деген кері ақпаратты көзбен көріп жүрген соң көңіліміздегі күмәнімізден күдігіміз басым болып қалатыны айқын.
Тамыры тереңде жатқан түйіткілді мәселенің байыбы мынаған назар аудартады: мемелекет жоғарғы оқу орындарына белгілі бір талаптар қойса, оқытатын мамандықтарына сәйкес жұмыс беретін компаниялармен келісім шарт жасасу мәселесін толықтай талқыласа, тисінше студенттер сабақтан кейінгі уақытта осы компаниялармен бірігіп жұмыс жасау мүкіндігіне ие болса, біздің және жұмыс беруші команиялардың пайдасына шешілетін біраз бағандарды нақтылай аламыз. Мәселен:
· Жұмыс беруші компаниялар сапалы әрі заманауи мамандармен өздерін қамтамыз етеді, сондай-ақ көптеген жұмыстарына студенттерді байланыстыр отырып өнім көлемін ұлғайтады;
· Университетте студенттерге теория мен практиканы қатар алып жүруге мүмкіндіктер туады, қажетті мамандықтарға түсетін студенттердің саны көбейумен қатар демеушілік шаралары іске асады;
· Студенттер өз мамандығымен толық танысуға мүмкіндік алады;
· Компания тарапынан арнайы жұмысқа алынып, 0,25 пайыз көлемінде қаржылай жалақыға ие болады;
· Мемелекет өзінің эканомикасына қызмет қылатын мамандарымен толыға отырып, қазынадан бөлінетін қаржы көлемі азаяды;
· Студенттер арасындағы қылмыстың азаюына мүмкіндіктер туып, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасалады;
Уақыттың уақыты жоқ деп жүрген заманда азда болса үнемдеп сол үнеммен үлесімізді қоссақ деген ниет болатын біздікі.