COVID-19
Шетелдегі ахуал
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҮкімет отырысында Алексей Цой Түркиямен әуе қатынасын азайтып, басқа елдермен қосымша әуе қатынасын қалпына келтірмеуді ұсынды.
«Шет елдердегі жағдайдың нашарлауын ескере отырып, инфекцияның енуіне және таралуына жол бермеу үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен қосымша рейстердің қайта басталуын тоқтату, рейстер қалпына келтірілген елдермен байланысты арттырмау, Түркия Республикасына рейстердің санын азайту ұсынылады» - деді, Денсаулық сақтау министрі.
«Екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін: термометрия, сауалнама, COVID-19 жоқ екенін растайтын мерзімі 3 күннен аспайтын анықтама сынды талаптар қойылу қажет. Ал анықтама жоқ болған жағдайда, ұшып келгендер арнайы зертханалық жұмыстар жүргізілуі үшін, карантиндік ауруханада екі күнге дейін оқшауланады», - деп қосты министр.