Қоғам

Байлар кітап оқиды. Ал сіз ше?

Компания басшылары орта есеппен жылына 60-тан астам кітап оқиды екен.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

“Адам кітап оқымаса, ойлана алмайды”, - деген екен француз философы әрі жазушы Дени Дидро. Бүгінде қолына бір де бір кітап алмайтындадың саны өскен. Мәселен, АҚШ халқының 62%-ы Дарвиннің теориясы жайлы мүлде білмейді, ал 29%-ы Жер картасынан Тынық мұхитын таба алмайды. Жалпы 2003-тен 2013 жылға дейін кітап оқымайтындардың саны 32%-дан 44%-ға артқан, кітапқа деген сұраныс азайған. Торренс сынағының нәтижесінде әлем бойынша балалардың ойлау дәрежесі төмен екенін көрсетті.

Алайда бұл көрсеткіштер бай адамдарға тән емес. Себебі олар кітап оқудан жалықпайды. Байлардың 88%-ы бір күнінің кемінде жарты сағатын кітап оқуға арнайды екен. Жалпы компания басшылары орта есеппен жылына 60-тан аса кітап оқиды. Мысал келтіріп өтейік. Ең бай адам саналатын Билл Гейтс жылына 50 кітап оқиды, Герман Греф те сол. Уоррен Баффет әр күнінің 5-6 сағатын кітапқа бөледі. Илон Маск зымыран құрастыруға деген ниетінің кітап оқудан пайда болғанын айтқан. Тіпті кітап оқудың мәдениеті турасында бағдарламалар ұсынатын бизнес мектептер де жетерлік. Шын мәнісінде, “кітап оқитын адамдар қашан да теледидар көретіндерді басқарады”. Бұл – ақиқат.

“Кітап оқысаң, шынында, бай болып кетесің бе?” деп сұрау салуы мүмкін жұрт. “Ақылыңа ақыл қосу үшін кітап оқу – денеңнің шымырлығы үшін спортпен шұғылданумен тең” деп жауап қатады бұған ағылшын ағартушысы Джозеф Аддисон.  Күнделікті жаттығу жасау арқылы бойыңа энергия жинап, деніңнің саулығын қамтамасыз етесің. Ал күніне бірнеше сағатыңды кітап оқуға арнасаң, табандылыққа, зейінділікке және жадыңның жақсы жұмыс істеуіне күш саласың. Көркем туындылар  мен салмақты мәтіндер тереңінен түсініп, аса үңілуді қажет етеді. Осы арқылы жадың жаттығады. Ақпаратты оңай қабылдауға мүмкіндік туғызады. Көркем әдебиетті оқыған адам күрделі интеллектуалдық нысандарды талдай алады, адамдармен тез тіл табысады.

Академиялық әрі көркем әдбиетті жиі оқыған сайын өмірдегі түрлі қиындықтарды шешерде бұрын соңды ойлап көрмеген тың модельдерді қолдана бастаймыз және олардың тиімділігіне көз жеткіземіз. Бір жағынан эмоционалды интеллекті дамиды, яғни өзгелердің эмоциялары мен мінез-құлықтарын түсіне алатын дәрежеге жетеміз. Тарихи кітаптарды оқу арқылы біз басқа адамдарды жақсы түсініп, эмпатия дағдыларын қалыптастырамыз. Жазушы Джордж Мартин былай деген екен: “Кітапқұмар жан өлмес бұрын мың мәрте өмір сүреді, ал кітап бетін ашпаған жанның бір-ақ өмірі бар”.

Кітап оқудың тағы бір пайдасы бар. Ойыңызды әдемі әрі нақты жеткізуді қаласаңыз, сөзсіз жақсы кітап оқыңыз. Мәселен, бір жылда күніне 20 минутын кітапқа арнайтын бала мен 1 минут кітап оқитын баланы салыстырсақ, алғашқысы бір жылда 1 800 000 сөз оқыса, екіншісі 8000 сөз оқиды. Психологиялық теңдікті қалайсыз ба? Онда кітап оқыңыз. Музыка тыңдау, қыдыру және спортқа қарағанда кітап оқу арқылы адамның күйзелісі 60%-ға азаяды.

Сол себепті бай адамдар кітап таңдауға аса мән береді. Өзін дамыту үшін сапалы әдебиеттерді таңдайды. Сіз де сол жолмен жүріңіз. Бай болыңыз. Әрі бүгіннен бастаңыз!