Қоғам

Министр қазақстандықтардың қорқынышы туралы айтты

Министр үкіметте ауқымды мәселені көтерді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандықтардың радиофобиясы интернетпен қамтамасыз ететін базалық станцияларды орнатуға кедергі келтіріп отыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта адамдардың радиофобиясы бар. Бұл бізге интернетті толыққанды жеткізуге кедергі жасайды. Мәселен, Family Village кешенінде 2-3 тұрғынның арызымен базалық станция алынып тасталды", – деді Мусин үкімет отырысында.

Осыдан кейін тұрғындар интернетке қосыла алмай қиналған. Байланыс операторы базалық станцияны қайтадан орнатуға мәжбүр болды.

Болашақта осындай проблемаларға жол бермес үшін министрлік заңнамаға біраз өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр.

Соның бірі – кондоминиумдерге байланыс объектілерін алып тастауға тыйым салу.

Бұдан бөлек, жаңа үйлерді пайдалануға берер алдында міндетті түрде оптика желісімен қамтамасыз ету көзделген.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, интернет сапасына халықтық бақылау жүргізу үшін Bailanys.bar сервисі іске қосылды. Қазір оны 50 мыңнан астам адам қолданады.