Weekend

Синоптиктер болжамы: Қазан айында ауа райы қандай болады?

Синоптиктер болжам жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазанда Қазақстанның солтүстігі мен орталық өңірлерінде күн суық болады, жаңбыр жауып, қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Қазгидромет синоптиктеріне сілтеме жасап.

"Қазан айында Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық, оңтүстік-шығыс өңірлеріне суық арктикалық ауа массалары келеді де Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан еліміздің оңтүстік-батысына қарай жылы ауа массасы жылжиды. Соның нәтижесінде орташа айлық ауа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында болады. Қазақстанның оңтүстік-батыс жартысында нормадан 1°С жоғары, еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде нормадан 1°С төмен болады", - делінген синоптиктер болжамында.

Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормаға жуық болады, еліміздің солтүстік-шығыс жартысында және Алматы облысының шығысында нормадан жоғары болады деген болжам жасалды.

"Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы болады", - деді мамандар.

Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы түнде -2...+7°С, күндіз ауа біртіндеп +12...+20°С-қа дейін жылынады. Ал оңтүстік өңір мен батыс аймақта түнде +5...+13°С, күндіз +17...+25°С болады.

5 қазаннан бастап Солтүстік циклонмен және арктикалық атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын түседі.

"Солтүстікте жаңбырдың соңы ылғалды қарға ұласуы мүмкін. Тұман түсіп,  желдің екпіні 15-23 м/с дейін күшейеді. Күндіз жауын-шашын тоқтап, түнде суық болады. Сондай-ақ, желсіз ашық ауа райы сақталады. Тек, еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын түспейді", - дейді Қазгидромет мамандары.