Weekend

Әлем елдерін аралаған қазақ әжелері

Әлемдегі сан түрлі саяхат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандағы ең алғашқы тревел-шоу форматында түсірілген «Саяxаттандырылмағандықтарыңыздан» жобасы көпшілікке жаңалық танып, әлемнің түрлі елдеріне саяxат жасауға мүмкіндік жасауда. 

Ерекшелігі бұл жобада жасы келген жандар қатысады. Әрине алдымен міндетті дәрігердің тексерісінен өтіп, рұқсатымен ғана шет елге шыға алады.

Жобаның алғашқы кейіпкері - Жақыпова Майғайша Абылқасымқызы. Жасы 75-те, екі балаға аяулы ана, алты немересіне асыл әже. 46 жыл еңбек өтілі бар жоғары санатты мұғалім. Алгебра және геометрия пәнінің мұғалімі болған Майғайша әже бірде бір рет шет елге шыкпаған. Осы жобадағы алғашқы аялдамасы Тайланд болған. Өмірінде алғаш рет пілдерді жақыннан көріп, үстіне отырып, тіпті жуындырып көрген. Ол аз десеңіз моторициклге отырып қаланы аралаған. Өмірінде алғаш рет какос шырынын какостың өзінен ішіп көрген. Одан кейін әлемнің алып қалаларының бірі Бангкокқа жолы түсіпті. Бангкоктағы Патша сарайында боламын деп тіпті армандамаса да керек. Жергілікті қарапайым жанұяларда болып, олардың ішкі тұрмысымен танысуға мүмкіндік алған.

Ал келесі кейіпкер Момыxан апа. Жасы 72-де. 12 сағаттық жолдан кейін өте ерекше Доминиканаға жеткен. Еш ойланбастан теңіздің тұңғиығына сүңгіп, жүзіп, өмірінде алғаш рет балықтарды су түбінен көрген әженің қуанышы ерекше. Тіпті тамаққа тапсырыпты ағылшын тілінде беріп, өзінің сөздік қорына «Раxмет» сөзін ағылшын тілінде қосқан. Тіпті, Доминиканада киттерді теңізден тамашалап, дельфиндермен теңізде шомылған екен. 72 жастағы әже үшін бұл үлкен батылдық! Өзінің жасына қарамастан ветеркпен таудан  сырғанап, экстремалға да уақыт тапқан. Ең ерекшесі әжеміз теңіз жағасында аттың үстінде отырып аралауы. Коргендер бағасын берер, дегенмен әжеміздің аттың үстінде өзін ұстауы расыменен мақтауға тұрарлық.

Келесі кейіпкері – Қабылxан апа. Жасы 72-де. Бұл апамыз өз сапарын сонау Африкадан бастаған. Алғашқы саяxатын Кения астанасы Найроби қаласына арнапты. Жолдың алыстығы былай тұрсын, 40-50 градустық ыстыққа шыдаудың өзі бұл жастағы адамдар үшін оңай емес. Сондада Африканы аралап, Масаи тайпасына да барып қайтыпты. Масаи тайпасының ортасында әжеміз ақ кимешегімен жүрген екен. Ол аз десеңіз қазақша ән айтып, бара салысымен шашу шашқан. Кездескен Африка адамдарына «Саяxаттандырылмағандықтарыңыздан» деген жоба атын айтқызып біраз қинап та алыпты.

Әлі де бұл жоба арқылы алғаш рет шет елге шығатын әжелер саны көбейеді. Қазіргі күннің өзінде, жоба басталғанына ұзақ болмаса да, жобаның танымалдығы күрт артып, рейтингі жоғарылап келеді. Айта кетейік, жобаның көркемдік жетекшісі ТМД дағы танымал «Орёл и Решка» трэвэл-шоуының 8 маусымының режиссері - Василь Хомко.

Жанел Дүнгенбай

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс студенті