Weekend
Әнші Instagram-дағы жеке парақшасында қысқа видеоролик жүктеді
Әнші Instagram-дағы жеке парақшасында қысқа видеоролик жүктеді. Онда Эрика Герцег қазақтың ұлттық киімін киіп, әшекей таққан. Мұндай киім мен әшекейді орта ғасырларда қазақ қыздары пайдаланған. Сондай-ақ видеодан әншінің билегенін де көруге болады.
Әншінің тыңдармандары оның мұндай видео жүктегеніне қатысты әртүрлі болжам жасады:
- "Бұл соло үшін шығар? Сізді ұлттық киімде көргенім үшін қуаныштымын!
- Мен Қазақстаннанмын, қатты таңғалып отырмын. Мұндайды сізден күтпеген едім. Қазақстан сізді қолдайды!
- Қандай жоба екенін түсінбей отырмын! Сізге қазақтың ұлттық киімі жарасады екен!
Айта кетейік, "ВИА Гра" тобын 2000 жылы продюсер Константин Меладзе құрған еді.