Шымкент
Шымкентте коронавирус індетіне шалдыққан науқасты провизорлық стационарға жатқызу алгоритмі пысықталды
Оқу-жаттығу барысында жедел жәрдем көлігімен науқастар «Атамекен» провизорлық орталығына жеткізілді.
Науқасты дәрігерлер қабылдап, толық медициналық тексеруден өткізді. Атап айтқанда, науқастың дене қызуы,қан қысымы өлшеніп, қан сынамаларын алды.
Нәтижесінде науқаста короновирус инфекциясы анықталып,провизорлық бөлімге жатқызылды.
Осындай сценаримен өткен оқу-жаттығу шарасына жедел жәрдем қызметкерлерінен 3 дәрігер, провизорлық орталықтан 5 дәрігер, 6 медбике мен 4 санитарлық қызметкер жұмылдырылды.