Шымкент

Шымкент: "Медикер" медициналық орталығындағы оқу-жаттығуда 5 түрлі ситуациялық жағдай қарастырылды

Мамандардың болжауынша, індеттің екінші толқыны болуы ықтимал.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сондықтан бүгін Шымкент қаласында медициналық ұйымдар коронавирустық инфекциямен күреске қарсы пысықтау жұмыстарын жүргізді. 

Осындай мақсатпен жүргізілген дайындық барысында «Медикер» медициналық орталығы оқу-жаттығуын 5 түрлі ситуациялық жағдаймен қарастырды. Жеңіл дәрежедегі, орташа дәрежедегі, яғни, фондық ауруы бар науқас, ауыр дәрежедегі науқас және жүкті әйел. Бұл бес ситуациялық жағдайда штаб құрылып, толыққанды масштабты жұмыстар жүргізілді.

– Бүгінгі оқу-жаттығу ойдағыдай өтті. Жаттығу барысында бізге келген науқас – әйел адам. Ол кісінің өкпесінде 30 пайыздан жоғары пневмония болды. Науқасты жедел жәрдем арқылы провизорлы орталыққа жеткізу шараларын жүргіздік. Мамандар белсенді жұмыс істеді. Жалпы, біз бірінші күннен бастап өзіміздің позициямызды нақты көрсетіп келеміз. Яғни Шымкент қаласы тұрғындары алдында медициналық көмек беру туралы әлеуметтік жауапкершілігімізді сезініп, бірнеше жобаны дайындадық. Оның ішінде басты жоба – мобильді компютерлік томаграфиялық құрал-жабдығын алу. Оны кез келген жерде пайдалануға болады және түсіру ұзақтығы – 10–15 минут, осы уақыт аралығында қорытындысы қолыңызға тиеді, – деді «Медикер» медициналық орталығының директоры Бақытжан Пазилов.

Медициналық орталығы директорының сөзінше, алдағы уақытта мұндай аппараттың тағы біреуін алмақ. Егер екінші толқын болған жағдайда, толық диагностика, емдеу-профилактика және реабилитация комплексі дайын.

Айта кетейік, «Медикер» медициналық емханасының оңалту орталығында Шымкент қаласы мен Түркістан облысының әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына әр түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Яғни, I, II топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 50 пайыз, 18 жасқа толмаған балалар мен көп балалы аналарға 30 пайыз жеңілдік бар.