Weekend

"Борат-2" трейлері шықты. Қазақстанда фильмге тыйым салына ма?

"Борат-2" комедиясының бірінші трейлері жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Amazon Prime Video сервисі YouTube желісіне "Борат-2" комедиясының бірінші трейлерін жариялады. Фильмде басты рольде британиялық комик Саша Барон Коэн ойнайды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Борат-2" фильмінің сюжеті бойынша қазақстандық танымал журналист Борат Сағдиев тағы АҚШ-қа барады. Ол жақта елдің саяси өмірі мен алдағы президент саулауы туралы зерттейді. Адамдарды ызаландырады, коронавирус пандемиясымен қолға скороводка алып күреседі және демократтардың қарсыластарымен әңгімелеседі.

Фильм премьерасы 2020 жылғы 23 қазанда Amazon Prime-да - АҚШ президентін сайлау қарсаңында болады.

Бірінші "Борат" 2006 жылы шыққан. Қазақстанда көрсетуге тыйым салынған. Егер екінші фильмді кинотеатрлардан көрсетпесе, тыйым сала алмайды.

"Егер фильмді тек интернетте көрсетсе, біз ештеңе істей алмаймыз - министрлік мұны реттемейді. Біз тек кинотеатрлардан көрсетілуіне тыйым сала аламыз. Ал телеарнаға келсек, бұл сұрақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қойылуы керек", - деді Мәдениет және спорт министрлігіндегілер Liter.kz порталына.